ӘКІМ АППАРАТЫ

Аягөз ауданы әкімінің орынбасары - Байжанов Самархан Шынарбекұлы

Байжанов С.Ш. 1953 жылдың 29 маусымында Семей облысы, Уржар ауданының Елтай ауылында тұған. 1976 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын  экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Семей ішкі істер басқармасының инспекторы болып бастаған. 1976-1984 жылдары аралығында Уржар ауыл шаруашылық басқармасының экономисі, Уржар ауданының «Красные горные орлы» кеңшарының бас экономисі, Мақаншы ауданының «Қарабұлақ» кеңшарының экономисі, Таскескен ауданы ауыл шаруашылық басқармасының экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1984 жылдан 1989 жылға дейін Таскескен аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 1989-1996 жылдары Таскескен ауданыдық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Уржар ауданы «Бестерек» шаруашылығының бас экономисі, Таскескен ауданы әкімінің орынбасары, аудандық салық инспекциясының бастығы, 1996-2003 жылдары аралығында Аягөз ауданы салық комитетінің төрағасы. 2003 жылдың мамыр айынан бастап Аягөз ауданы әкімінің орынбасары.

  Жұмыс тел.: 72237 3-17-38

   

Аягөз ауданы әкімінің орынбасары - Бозтаев Төлеухан Бозтайұлы

Бозтаев Т.Б. 1953 жылдың 15 наурызында Семей облысы, Аягөз ауданының Ақшатау ауылында тұған. 1975 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1975 жылы Аягөз автокөлік кәсіпорынның механигі болып бастаған. 1975-1984 жылдары аралығында Аягөз автокөлік кәсіпорынның инженері, аға инженері, бас механигі, бас инженері қызметтерін атқарған. 1984-1985 жылдары Семей облысы Жанғызтөбе автокөлік кәсіпорынның бастығы болып жұмыс істеді. 1985-1996 жылдары Семей облысы Көкпекті автокөлік кәсіпорынның бастығы қызметін атқарды. 1998-1999 жылдары Аягөз ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан бастап 2006 жылға дейін Аягөз қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары Аягөз аудандық қоршаған ортаны қорғау инспекциясының бас маманы жұмысын атқарды. 2007-2008 жылдары «Қазақалтын» АҚ-ы Шығыс Қазақстан филиалының «Қасқабұлақ» карьерінің вахта бастығы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Аягөз ауданы әкімінің орынбасары.

  Жұмыс тел.: 72237 3-09-50 

   

Аягөз ауданы әкімінің орынбасары - Сұлтанов Нұрлан Кәрібайұлы

Сұлтанов Н.К. 1965 жылдың 20 мамырында Семей облысының Көкпекті ауылында тұған. 1987 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Семей облысы, Шар аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің асылтұқымдандыру жұмыстары бойынша бас зоотехнигі болып бастаған. 1988-1996 жылдары аралығында қой шаруашылығын зерттеу институтының Семейдегі Солтүстік-Шығыс бөлімінің 1-ші дәрежедегі маманы, Семей ұн өндеу комбинатының шебері, Семей агроөнеркәсіп бірлестігінің қойма меңгерушісі, Семейдегі 22-ші кәсіптік-техникалық училищенің оқу шаруашылық ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1996-2004 жылдары Көкпекті аудандық экономика және нарық қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Семей экономика жөніндегі комитетінің қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, экономика жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, комитеттің төрағасы, Семей өнеркәсіп, көлік және байланыс комитетінің бастығы қызметтерін атқарған. 2004-2006 жылдары аралығында «Казахкабель» ЖШС-нің атқарушы директоры, «Казпочта»АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары. 2006-2008 жылдары аралығында Семейдегі «Бастром» ЖШС-нің директоры, Бородулиха ауданы Степное ауылдық округінің әкімі. 2009 жылдың ақпан айынан бастап Аягөз ауданы әкімінің орынбасары.

  Жұмыс тел.: 72237 3-14-85

   

Аягөз ауданы әкімі аппаратының басшысы - Аманбаев Жанатбек Аманбайұлы

Аманбаев Ж.А. 1952 жылдың 17 тамызында Семей облысы, Шұбартау ауданының Байқошқар ауылында тұған. 1990 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы Шұбартау ауданының Алғабас орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1972-1974 жылдары Совет әскерінің қатарында. 1974-1976 жылдары аралығында Шұбартау ауданының Баршатас ауылының С.М.Киров атындағы орта мектебінің мұғалімі, Шұбартау аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеген. 1976-1980 жылдары Шұбартау аудандық комсомол комитетінің есеп және қаржы секторының меңгерушісі. 1980-1987 жылдары Шұбартау аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1987-1994 жылдары Шұбартау аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының хатшысы. 1994-1997 жылдары  Шұбартау аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, зейнетақы қорының өкілі. 1997-2008 жылдары Аягөз аудандық салық комитетінің бөлім бастығы, Ақтоғай кеннтік округі әкімі аппаратының бас маманы. 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Аягөз ауданы әкімі аппаратының басшысы.

  Жұмыс тел.: 72237 3-34-27