Ауыл шаруашылығы

ҚР Үкіметімен «Агробизнес-2020» АӨК дамытудың салааралық Бағдарламасы қабылданды 

ҚР Үкіметінің отырысында 2013-2020 жылдарға арналған АӨК дамытудың салааралық «Агробизнес-2020» Бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама ДСҰ-ға келешекте кіру қарсаңында, сондай-ақ Кедендік Одақ жағдайында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты әзірленді. Бағдарламаны әзірлеуге ғалымдар, салааралық бірлестіктер, агробизнестің өкілдері белсенді түрде қатысты.  
Жаңа бағдарлама қолданыстағы бағдарламаға қарағанда АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарлатуды алға қойды. Министрлік өндірістік директивті бағдарламалардан алшақтап жағдай жасау бағдарламасына бет алды. Себебі, бизнес ауыл шаруашылық өнімдерін қайда сатуды, сондай-ақ егінді қалай егуді өздері шеше алады.
Бағдарламамен қарастырылған мемлекеттік қолдау механизмдері АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарлату үшін оңтайлы жағдай жасап отыр.      
Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағыт бойынша жұмыстар жүргізілетін болады:   
1. Қаржылық сауықтыру;    
2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қолжетімділігін арттыру;   
3. АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;      
4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру. 
Қаржылық сауықтыру ол кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ, бар борыштарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, мемлекет кредиттік жүктемені жеңілдетеді және көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық тұрақсыздығын болдырмайды.
«АӨК субъектілері үшін қызмет пен жұмыстарды, тауарлардың қолжетімділігін жоғарлату» бағыты бойынша АӨК субъектілеріне кеңес қызметін, білімдік, қаржылық, жұмыс, тауарлардың экономикалық қолжетімділігін жоғарлату бойынша мемлекеттік қолдау механизмдері арқылы міндеттер қойылды. Мұнымен АӨК субъектілерінің жаңа мемлекеттік қолдау механизмдеріне:     
1) АӨК басымды инвестициялық жобалар үшін инвестициялық субсидиялар;
2) Қаржылық институттар алдында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру қызметтерін субсидиялау;  
3) Берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жатады.
Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және қамтамасыз ететін салалардың өнімдерінің өндірісін субсидиялау бойынша жұмыс өз жалғасын таппақ.   
«АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту» бағытының шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарлануда:  
- Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;   
- Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
Шаралар фитосанитарлық және ветеринарлық зертханаларын құру және жабдықтауға, фито- және ветеринарлық қауіпсіздіктің диагностикасы мен мониторингісі, жануарларды бірегейлендіру, аурулардың таралу қаупін төмендету, сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығы үшін жайылымдарды суландыруға бағытталмақ.    
«АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру» бағыты келесі міндеттерді қамтиды:   
- Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;   
- АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту;   
- Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
- АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;
- Ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;    
- АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
- Органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен оның айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
Бағдарламаны 2013-2020 жылдары іске асыруға 3 122,2 млрд. теңге қажет болады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай макроэкономикалық эффектіні алу күтілуде:   
1) Ауыл шаруашылығы өнімдерін физикалық өндіру көлемдерін 1,5 есе арттыру;
2) Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамға еңбек өндіргіштігін 3 есе жоғарылату;
3) Агроөнеркәсіп кешенінің өнімін өткізуден экспорттық табысты 20%-ға арттыру;
4) Негізгі тамақ өнімдері бойынша азық-түлік қауіпсіздігін ішкі нарықтың 80%-ы деңгейінде қамтамасыз ету; 
5) Салаға 10 трлн. теңгеден астам жеке ақшалай қаражат тарту.      
Бағдарламаның жүзеге асуы ауылда бизнестің дамуына, салаға инвестицияның келуіне, бөлініп жатқан қаржының тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.   
«Агробизнес - 2020» бағдарламаларының ережелеріне сәйкес, бизнесті қолдау механизмдері 10 негізгі бағыт бойынша жүзеге асады. Біріншіден, бұлар қайта өңдеу қуаттарын жаңғартуға арналған инвестициялық субсидиялар, жайылымдарды сумен қамтамасыз ету бойынша инфрақұрылым жасау мен жаңғырту, сүт-тауар фермаларын салу мен жаңғырту, құс етін шығаруға бағытталған құс фабрикалары, асыл тұқымды репродукторлар, ІҚМ арналған бордақылау алаңдары, жылыжай құрылыстары, бидай терминалдары, бидай сақтау және қайта өңдеу базалары; тамшылап суару жүйелеріне енгізуге, отбасылық мал шаруашылығы фермаларын құру мен дамытуға субсидиялар бөлу. Бұнымен қатар, мемлекет жеке бағыттар бойынша инвесторлардың 80%-на дейінгі шығынын өтеп беруге дайын.       
Осы құралдардың арқасында бизнесті дамытуға жағдайлар жасап қана қоймай, АӨК секторына 10 трлн теңгедан астам инвестиция тарту көзделіп отыр.
Жалпы алғанда «Агробизнес-2020» бағдарламасы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді қолдаудың 6 қаржылық тетігін енгізуді қарастырады. Бұлар: займдарға кепілдік беру және сақтандыру, инвестициялық субсидиялау, несие мен лизингі бойынша сыйақылық мөлшерлемені субсидиялау, қаржылық сауықтыру, екінші деңгейдегі банктерді қорландыру.
Бұдан бөлек, фитосанитарлық, ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар әзірленеді. Бағдарламаны іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін 1,5 есеге арттыруға, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмыс тиімділігін 3 есеге арттыруға септігін тигізбек.

 

agro4a

"Агробизнес-2020" бағдарламасы

 

 

Бет өзгертілді: 27-12-2016