Ауыл шаруашылығы

Аудан және қала халқын сапалы әрі арзан ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 11 ірі қара малын бордақылайтын алаңдар жұмыс атқарып, аудан халқын сапалы, қолжетімді бағадағы ет өнімдерімен жыл бойына қамтамасыз етеді.

Бүгінде мал шаруашылығындағы ұстаным - малдың генетикалық потенциалын арттыру болып табылады. Мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға еркеше көңіл бөлініп отыр.
Биылғы жылы ауданға 434 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Осы сатып алынған асыл тұқымды малдар үшін шаруашылықтарға Үкімет тарапынан 66 млн. 836 мың, селекциялық жұмыстарға 381 млн. 580 мың  алу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда аудан бойынша 14 қой, 10 жылқы, 10 ірі қара малы бойынша асыл тұқымды шаруашылықтар жұмыс атқаруда.
Барлық санаттағы малдың ішінде асыл тұқымды малдың үлесі 2016 жылдың 01 қаңтарына, мүйізді ірі қара 4,4 пайызды, қой 17,2 пайызды, жылқы 14,0 пайызды құрап отыр.

   

Бет өзгертілді: 20-12-2016